Алдағы UFC 299 турнирінде Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (18-2) екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Алмабаевтың қарсыласы 32 жастағы америкалық Си Джей Вергара (12-4-1) болады, ол қазір UFC-де қатарынан екі жеңіс сериясымен келеді.

Алмабаев-Вергара жекпе-жегінің тікелей трансляциясы сенбіден жексенбіге қараған түні 10 наурызда Астана уақыты бойынша шамамен 4:30-да басталады. Және UFC Fight Pass сервисінде қолжетімді болады.

Айта кетейік, UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде Алмабаев екінші раундта Оди Осборнды (12-6) қылқындыру әдісімен жеңіске жеткен болатын.