Алматыдағы OCTAGON 56 турнирі аясында жеңіл салмақ дәрежесінде қызықты жекпе-жек өтеді, деп жазады Prosports.kz
10 наурызда Алматыда өзбек файтері Мавлонбек Миркомилов (4-2-1) мен жеңілмеген нокаутшы Саят Абдуали (4-0) арасындағы жеңіл салмақтағы жекпе-жек өтеді.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек 10 наурызда Алматыдағы OCTAGON 56 турнирі аясында өтеді.
Кеш аясында қазақстандық Еркебұлан Тоқтар (6-3) өзбекстандық Одилхон Камоловпен (3-2) күш сынасады.
Кештің бас жекпе-жегінде ұйымның қазіргі чемпионы қазақстандық Керим Даидов (9-0) пен өзбекстандық «уақытша» белбеу иегері Ислом Болтаев (4-2) кездеседі.
Комментарии