Ресейлік UFC файтері Умар Нурмагомедов досы ресейлік Ислам Махачевті ең үздік UFC файтері деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Исламмен бір кардтта жекпе-жек өткізгім келеді. Бірге жаттығу жиынын өткізе алатын едік. Ислам UFC-дегі үздік файтерлердің бірі. Және, ол маған көп нәрсені үйрете алар еді», - деп келтіреді Нурмагомедовтің сөзін MMA Junkie.

Ислам Махачев ММА бойынша 26 жекпе-жек өткізіп, 25 жеңіске жеткен. Оның келесі жекпе-жегі әлі белгіленген жоқ.