Бүгін Францияда өткен «Париж - Ницца» көпкүндік веложарысының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орынды «Visma» командасының голландиялық шабандозы Улав Коэй жеңіп алды. Екінші орын «Lidl-Trek»командасынан Мадс Педерсенге бұйырды. Үшінші нәтижені «Groupama-FDJ» командасының жаңазеландиялық шабандозы Лоренс Пити алды.

«Астана» шабандоздар арасындағы үздік 27-болып келген Харольд Техада көрсетті.