«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси MLS-тің 3-турындағы «Орландо Ситиге» қарсы ойында дубль жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, аргентиналық футболшы чемпионаттардағы 500-голын соқты. Месси Ла Лигада 474, Лига 1-де 22 және MLS-те 4 гол соққан.

Месси клубтық деңгейде 718, жалпы мансабында 824 гол соққан.

Айта кетейік, Месси мен Суарестің дубль жасап, «Интер Майами»«Орлондо Ситиді» 5:0 есебімен жеңді.