6-12 наурыз аралығында Ресейдің Иркутск қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалдық ойындары өтеді.

Финалдық кезеңге үш топтан 12 үздік команда жолдама алды.

Екі топқа бөлінген клубтар «Байкал» мұз сарайы мен «Рекорд» стадионында кездесулерін өткізеді.

Оралдың «Ақжайығы» Б тобында бақ сынайды. Қарсыластары: «Строитель-Сыктывкар» (Сыктывкар), «Енисей-2» (Красноярск), «Кузбасс-2» (Кемерово) және «Динамо-2» (Мәскеу).

Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдықтар 7 наурыз күні алғашқы матчын «СКА-Уральский трубник-2» (Екатеринбург) командасымен өткізеді. Бұл клуб батысқазақстандықтарға жақсы таныс. Өйткені екеуі бір топта ойнап, «Ақжайық» үшінші, «СКА-Уральский трубник-2» командасы төртінші орынға ие болған еді.