Өзбекстан астанасында дзюдодан халықаралық күнтізбедегі «Үлкен дулыға» атты беделді турнир жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа 68 елден барлығы 500-ден астам татами шеберлері қатысты.

Ташкент татамиіне Қазақстан атынан 12 әйел және 14 ер адам қатысады.

Бүгін қазақстандықтар арасында татамиде:

Әйелдер:

78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина;

+78 келі: Назгүл Маратова, Камила Берлікаш;

Ерлер:

90 келі: Айдар Арапов, Құдырет Досымов;

100 келі: Бекзат Шағатаев, Нұрлыхан Шерхан;

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай;

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталып, Qazsport телеарнасында көрсетіледі.