Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойында Шри-Ланканы 43:1 есебімен ойсырата жеңді.

Су добы. Топтық кезең. 1-ойын

Қазақстан - Шри-Ланка 43:1

Командамыздың құрамынан гол соққан ойыншылар: 9 - Кубайдолла, 7 - Сатбеген, 5 - Нұртаза, 4 - Әли, Пантеелев, Грибов, 3 - Белоусов, Мадимир, Сулейман, 1 - Балтабекұлы

В тобында біздің ватерполшыларымызбен бірге Сингапур, Шри-Ланка, Иран және Малайзия құрамалары ойнайды

А тобында Қытай, Жапония, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Таиланд командалары өзара шеберлік байқасады.