Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов могилевсктік Днепрдің екінші командасы сапындағы матчта алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Орша» клубына қарсы ойында Анкудинов 34-минутта өз мүмкіндігін пайдаланып, жаңа клубы сапында бірінші голды соқты. Командасы Владимир Костюковты еске алу турнирінде қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық ойыншы осы жылдың қаңтар айында Днепрге ауысқан болатын. Анкудиновтың соңғы клубы литвалық «Джюгас» болды. Сондай-ақ Молдованың «Шериф», ресейлік «Родина» және армяндық «Ван» командаларында ойнаған.