Сенбі, 2 наурызда «Реал» Испания чемпионатының 27-туры аясындағы матчта «Валенсиямен» тең ойнады. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

99-минутта «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем баспен гол соқты, алайда төреші Хесус Гил Манзано ысқырықпен матчты ағылшын футболшысы гол соққанға дейін аяқтады.

Беллингэм бұл шешімге наразы болып, төрешіге шабуыл жасап, нәтижесінде қызыл қағаз алды.