«Спорт Шредингера» telegram-арнасы қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 238 турнирінде ресейлік Умар Нурмагомедовпен жекпе-жект жарақат алғанын жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бекзат Алмахан екінші раундта тізе буынынан жарақат алды. Қазақстандық UFC дебютанты үшінші раундқа шығып, шешімге дейін шыдады. Төбелестен кейін Бекзат ауруханаға жеткізілді. Жарақат ауыр емес және ол тез оралады деп үміттенеміз», - деп жазады арна.

Естеріңізге сала кетейік, ресейлік файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.