Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан UFC Vegas 87 турнирінде жеңіліп көрмеген ресейлік UFC файтері Умар Нурмагомедов қазақстандық Бекзат Алмаханды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нурмагомедов үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Умар Нурмагомедов ММА бойынша 17 жекпе-жек өткізіп, 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Бекзат Алмахан 19 жекпе-жегінде 2-ші рет жеңіліске ұшырады.