Қазақстандық ММА файтері Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз жеңіл салмақта болашағынан үміт күттіретін спортшылардың бірі ресейлік Умар Нурмагомедовке қарсы төбелесті.

Нәтижесінде төреші шешімімен жеңіс Ресей өкіліне бұйырды. Айқас соңында Умар қолынан келгеннің бәрін жасап, лайықты қарсылық көрсеткен қазақстандық қарсыласына сегізбұрышта құрмет көрсетті.