Әлемге әйгілі UFC тұжырымының өткен жылғы табысы рекордтық сомаға жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ESPN арнасымен трансляциялық келісім арқылы UFC тұжырымына 870,6 миллион доллар кіріс келсе, демеушілер 196 миллион доллар төлеген. 2023 жылы 43 турнир өткізген лига билет сатудан 168 миллион доллар табыс тапқан.