Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші үндістандық Анкита Раинамен бірге жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген еді.

Ж.Құламбаева - А.Раина финалда доданың 2-ракеткалары, швециялық Жаклин Кабай Авад - литвалық Юстина Микульскитемен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-үндістандық жұп 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.