Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 1-туры аясында елордалық «Ордабасы» мен «Шахтер» командалары арасында ашылу матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Семей қаласында өткен матчта «Ордабасы» «Шахтерді» 5:0 есебімен тас-талқан етті.

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 1-тур

«Ордабасы» (Шымкент) - «Шахтер» (Қарағанды) 5:0

Голдар: Пластун 5, Умаров 13, Яхшибоев 37, Шехович 60, Малый 68

Төреші: Сахи Данияр (Қызылорда)

2 наурыз. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион

Еске салайық, кеше QFL Премьер-лигасының жаңа маусымы 13 футбол клубтың қатысуымен басталады.

Турнирде «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат»,«Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер» клубтары ойнайды.

Айта кетейік, Премьер-лигаға «Ақсу» ФК қатыспайды.