«Манчестер Юнайтедтің» сегіз ойыншысы АПЛ-дің 27-турындағы «Манчестер Ситиге» қарсы ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Manchester Evening News басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» сапында алдағы кездесуге Антони Марсьяль, Расмус Хойлунн, Тайлер Маласия, Люк Шоу, Лисандро Мартинес, Гарри Магуайр, Аарон Ван-Биссака және Мэйсон Маунт қатыса алмайды.

Ал Рафаэль Варан мен Бруну Фернандеш алаңға оралуға жақын. Олар дербиге қатысуы мүмкін.

«Манчестер Сити» - «Манчестер Юнайтед» кездесуі 3 наурызда өтеді.