Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Тукумандағы ITF M25 сериялы турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық Х.Прадо Анджелоны 6-4, 6-3 есебімен ұтты.

Енді қазақстандық жартылай финалда аргениталық Федерико Агустин Гомеспен ойнайды.

Айта кетейік, Дмитрий Попко биыл АҚШ-тағы үш ITF турнирінде жеңіске жетті.