ФИФА президенті Джанни Инфантино футболда көк қағаз деген енгізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ФИФА көк қағаздарға үзілді-кесілді қарсы. Көк қағазға қызыл қағаз көрсетейік. Біз ойынды, оның дәстүрін қорғауымыз керек. Көк қағаздар жоқ» - деді Инфантино.

Бұған дейін көк қағаз тактикалық фолдар мен төрешілермен дау шығарғаны үшін көрсетіледі деп болжанған. Тәртіп бұзған ойыншылар 10 минутқа алаңнан қуылуы мүмкін еді.