Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов әлеуметтік желіде немере ағасы Умар Нурмагомедовке сәттілік тілеп, жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2 наурыздан 3 наурызға қараған түні Умар UFC дебютанты қазақстандық Бекзат Алмаханмен жұдырықтасады.

«Бауырым, саған сәттілік, бәрін өзің білесің. Болашақ UFC чемпионы, иншаллах», - деп жазды Хабиб.

Умар UFC жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта аралас жекпе-жектен 16 жекпе-жек өткізіп, оның әрқайсысында жеңіске жеткен. 2023 жылдың қаңтарында UFC Fight Night 217 турниріндегі кейінгі жекпе-жегінде Нурмагомедов бірінші раундта бразилиялық Раони Барселосты нокаутқа түсірді.