Наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (17-1) Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 238 турнирінде ресейлік Умар Нурмагомедовпен (16-0) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алмахан — Нурмагомедов жекпе-жегінің тікелей трансляциясы шамамен Астана уақытымен 02:30-да басталады, оны UFC ресми сайтынан көруге болады.

26 жастағы Бекзат Алмахан аралас жекпе-жекте 2016 жылдан бері бақ сынап келеді. Алмахан Султан Жолдошбектен ғана жеңілді. Ал Ян Ферраз (нокаут), Матеус Глория (нокаут), Мауро Мастромарини және Дженилто Матосты (техникалық нокаут) жеңді.

28 жастағы Умар Нурмагомедов мансабын 2016 жылы бастаған. Жауынгерлік самбо, қоян-қолтық ұрыс, бокспен айналысқан. Нурмагомедов әлі жеңіліп көрмеген. Раони Барселос (нокаут), Нейт Манисс, Брайан Келлехер және Сергей Морозовты жеңген.