Бүгін, 2 наурызда Қазақстан Премьер-лигасы 1-турының екінші күнінде төрт ойын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сағат 14:00-де «Қайрат» - «Қызылжар» және «Елімай» - «Атырау» матчтары басталады. 16:30-да «Ордабасы» - «Шахтер» матчы басталады, 19:00-де «Тобыл» – «Тұран».

Тікелей трансляция «Qazsport» телеарнасында және QFL (Қазақстан футбол лига) сайтында көруге болады.