Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топурия аралас жекпе-жекте 30-32 жасқа дейін өнер көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Содан кейін испаниялық спортшы бокс ережесі бойынша жұдырықтасуды көздеп отыр.

«Мен 30-32 жасқа дейін өнер көрсетемін, содан кейін бокстан бірнеше жекпе-жегімді өткізуді жоспарлап отырмын», - деп келтіреді Топурияның сөзін Marca.

Топурия 27 жаста. Спортшы аралас жекпе-жектегі кәсіпқой карьерасын 2015 жылы бастаған. Оның қазігір рекорды 15-0.

Естеріңізге сала кетейік, Илья Топурия биыл 18 ақпанда жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды. Ол UFC 298 турнирі аясында Александр Волкановскиймен кездесті. Матадор екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, аустралиялық спортшыны белбеуінен айырған.