Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 1-туры аясында елордалық «Қайсар» мен «Ақтөбе» командалары кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қызылорда қаласында өткен матчта қонақтар 0:3 есебімен жеңіске жетті.
Футболдан Қазақстан чемпионаты. 1-тур
«Қайсар» (Қызылорда) - «Ақтөбе» 0:3 (0:1)
Голдар: Умаев 24, Самородов 55, Умаев 64, Жаңғылышбай 90+5
Төреші: Кучин Артем (Қарағанды)
1 наурыз. Қызылорда. Ғани Мұратбаев атындағы стадион.
Бұған дейін Алматы қаласында өткен матчта «Астана» «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңген болатын.
Еске салайық, бүгін QFL Премьер-лигасының жаңа маусымы 13 футбол клубтың қатысуымен басталады.
Турнирде «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат»,«Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер» клубтары ойнайды.
Айта кетейік, Премьер-лигаға «Ақсу» ФК қатыспайды.
Комментарии