Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Диана Жұмағұлова төртінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нақтырақ айтсақ, бүгін отандасымыз 7 метр тұғырдан секіруде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бұған дейін 19 жастағы атлет жекелей сында қола, Анабелла Кочкинамен бірге жұптық сайыста алтын және күміс жүлде иеленген болатын.

Бүгін отандасымыз төртінші жүлдесіне қанжығаға байлады.

Суға секіру. Қыздар. А тобы. 7 метр тұғыр:

Жапония спортшысы – 332.75 ұпай

Диана Жұмағұлова – 255.35 ұпай

Вьетнам спортшысы – 254.15 ұпай.

Естеріңізге сала кетейік, кеше су спорты түрлерінің жүзу түрінен бәсеке аяқталған болатын. Су спортының бұл түрінен Қазақстан құрамасы 20 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болып, тарихи жетістікке жеткенін жазған болатынбыз.