«Ривер Плейт» бапкері Мартин Демичелис «Баварияны» басқаруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Маман мюнхендік команда сапында 2003-2010 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Команда аргентиналық маман клубтың жағдайын және неміс тілін түсінуі табысқа жетуге көмектеседі деп есептейді. Келіссөздерге басқарма мүшесі Макс Эберль де қатысатыны хабарланды.

Демичелис «Ривер Плейттен» кеткісі келмейді деген ақпарат та бар, ол басшылықтың қолдауын сезінеді және кәсіби жағынан өсе алатынын біледі.