Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Ташкенттегі Grand Slam турнирін жеңіспен бастады.

Елдос Сметов Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті. 60 келіде белдесетін балуан кубалық Харон Джонатанды “иппонмен” ұтты.

sОсылай Сметов олимпиадаға ұпай түгендейтін маңызды доданы жарқын жеңіспен бастады. Енді отандасымыз екінші айналымда грузин балуаны Лухум Чхвимианимен кездеседі.