Аралас жекпе-жек шебері Дамир "Qazaq" Исмагулов пен ресейлік файтер Эдуард Вартанянның "Наше дело 82" турнирі аясындағы кездесуі басқа күнге ауысты.

"Наше Дело 82" турнирі 2 наурызда Мәскеудегі "Лужники" cпорт кешенінде өтуге тиіс болған.

- Өткізу орнындағы техникалық себептерге байланысты "Наше Дело 82" турнирі кардты сақтай отырып, басқа күнге ауыстырылады. Билет сатып алған барлық көрерменге ақша қайтарылады, – делінген лиганың Instagram-дағы парақшасында.