8-10 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турниріне баратын татами шеберлері анықталды.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған турнирде ел намысын жеті салмақта 14 балуан қорғайды.

Команда құрамы мынадай:

60 келі: Ержан Еренғайыпов, Қанат Сейілхан

66 келі: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахматқали

73 келі: Жансай Смағұлов, Ислам Тоқтасын

81 келі: Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла

90 келі: Аян Байғазы, Айдар Арапов

100 келі: Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай.

Осы орайда айта кетейік, 1-3 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді.