Қазақстандық, әлемнің 493-ракеткасы Жібек Құламбаева жекелей және жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші жекелей сында екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 1001-сатыдағы жапониялық Ринон Окувакидың 6:4, 6:3 есебімен мысын басты.

Ж.Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 527-ракеткасы, оңтүстіккореялық Ён Ву Кумен шеберлік таластырады.

Жұптық сында үндістандық Анкита Раинамен бірге жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева ширек финалда жапониялықтар Акико Омаэ — Икуми Ямадзакиға қарсы тұрды.

Тартысты өткен матч 7:5, 7:6 (11:9) есебімен қазақстандық-үндістандық жұптың пайдасына аяқталды.

Жібек Құламбаева — Анкита Раина келесі кездесуінде үндістандық Рия Бхатия — жапониялық Митика Озекиді ұтса, финалға жолдама алады.