Еркін күрестен қазақстандық балуандар алдағы Париж Олимпиадасына жолдаманы сарапқа салатын үш жарысқа қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алдымен 19-21 сәуір күндерінде Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында құрлықтық іріктеу турнирі болады. Оған еліміздің атынан бес балуан қатыса алады.
Сондай-ақ, қазақстандық балуандардың Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін әлемдік іріктеу турнирінде жолдаманы иеленуге мүмкіндігі бар.
Ал 9-12 мамырда әлемдік іріктеу турнирі жалауын көтереді.
Қазірге дейін еркін күрестен Азамат Дәулетбеков ((86 келі) Олимпиада жолдамасына ие болған. Қазір еркін күрестен оқу-жаттығу жиыны Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық базасында өтуде.
Айта кетсек, Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылы Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілмеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатын өткізеді.
Комментарии