Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (7-1, 4 КО) Бангкоктағы кәсіпқой бокс кешінде таиландтық Кадесара Джадпакдиді нокаутпен жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ассаляму алейкум баршаңызға, құрметті қазақстандықтар! Бүгін мен кәсіпқой карьерамда жетінші жеңіске қол жеткіздім және өте қуаныштымын, осы жеңісімді сүйікті еліме арнағым келеді!

Қазір мен мансабымның қиын кезеңінде тұрмын, қарсыластармен өте қиын, көбі менімен жұдырықтасуға келіспейді.

Маған Бангкогта Кадесара Джадпакдиге қарсы жекпе-жек өткізуді ұсынған кезде (рекорд 7-3-0) біз бұл туралы ойландық, өйткені қарсыластың туған жерінде жекпе-жек өткізудің белгілі бір қаупі бар.

Бірақ мен абсолют әлем чемпионы болғым келетінін айттым, қарсылас таңдамай, бәрін, тіпті олардың отанында да жеңіске жетуім керек. Кәсіпқой бокста әлсіз адам болмайды, бір секундта бәрі өзгереді, бір соққы бәрін шешеді!

Бұл мен үшін өте маңызды жеңіс және тек нокаут немесе нокдаун арқылы жеңіске жетуім керек екенін білдім, әйтпесе жеңіс маған берілмейді. Мен мұны істедім, оны нокаутқа түсірдім және жеңдім!

Ал бұл жеңіс елім үшін, сіздер үшін, алыста жүрсем де, қолдауларыңызды сездім! Бәріне рақмет! Абсолют әлем чемпионы титулы үшін тек алға!», - деп жазды боксшы Инстаграм желісіндегі парақшасында.