Жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина Остинде өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данилина қытайлық Чжан Шуаймен жұптасып, Ван Сиюй (Қытай) / Люсия Бронцетти (Италия) дуэтін 6:3, 6:0 есебімен жеңді.

Ертең ширек финалда Данилина мен Шуай Оливия Николлс (Ұлыбритания) / Оливия Гадеки (Аустралия) жұбымен кездеседі.