Жалғас Жұмағұлов қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан мен ресейлік файтер Умар Нурмагомедов арасында өтетін кездесуге қатысты пікір білдірді.

Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагомедов 3 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Fight Night 238 турнирінде кездеседі. Бұл жекпе-жек Бекзат Алмаханның UFC-дегі дебюті болмақ.

- Иә, Бекзат – өте мықты, әмбебап файтер. Бірақ бұл жекпе-жекте тек лаки панчқа (қарсыласын жеңуге себеп болатын тосын соққы) үміт артуға болады. Дегенмен ешқандай мүмкіндік көріп тұрған жоқпын.

Умар – ол мүлде басқа деңгейдегі спортшы. Оның соққылары, күресі басқа. Мен Умарды өмірде көрдім. Ол – өте үлкен. Сондықтан мұндай қарсыласпен айқасу қиын болады деп ойлаймын. Десе де, әрине, Бекзат үшін мұндай қарсыласпен жекпе-жекке шығу үлкен мотивация болмақ, – деді Жалғас Жұмағұлов.