Қарағандылық «Шахтер» колумбиялық 24 жастағы шабуылшы Хуан Асприльямен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы қарағандылық клубқа еркін агент ретінде ауысты. Келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалған.

Асприлья бұған дейін тек өз отанында ғана «Букарамангу», «Америка», «Реал Сан-Андрес», «Льянерос» және «Бояко Чико» клубтарында ойнаған.