Танымал қазақстандық боксшы Василий Левит Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Василий Алексеевич 1988 жылы туған. Қостанайоблысының тумасы.Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлердің физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.