24 жастағы украиналық қақпашы Орест Костик талдықорғандық «Жетісу» командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Львов «Карпаттың» 24 жастағы түлегі «Жетісумен» бір жылдық келісімшартқа отырды.

Оресттің кейінгі украиналық клубы «Металлист» болды, ол 12 кездесу өткізіп, 20 гол жіберіп алды.

2023 жылдың жазынан бастап Костик литвалық «Дайнаваның» қақпасын қорғады, бірақ тек 8 матчта алаңға шықты.

Қазақстан чемпионатының өткен маусымында «Жетісу» 26 матчта 29 ұпай жинап, турнирлік кестеде 11-орынға жайғасты.