Түркістандық «Тұран» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтаймыз! Бір айға созылған оқу-жаттығу жиынын аяқтап, маусымның алғашқы ойынын өткізу үшін Қостанайға аттанамыз», - деді клуб.

Айта кетейік, Премьер-лиганың бірінші турындағы «Тұран» - «Тобыл» кездесуі 1 наурыз күні Қостанайда өтеді.