Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Тукумандағы (Аргентина) турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко турнирдің бірінші айналымында аргентиналық Гонсало Сейтунемен кездесіп, оны екі сетте 6:1, 6:3 есебімен ұтты.

Айта кетейік, қазақстандық он алты кездесуде қатарынан жеңіске жеткен. Бұған дейін Попко АҚШ-та қатарынан үш турнирде 3 титулды жеңіп алған болатын.