Беларусь ойыншылары Василий Совпел мен Руслан Юденков қызылордалық «Қайсармен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Совпел өткен маусымды осы клубта өткізді. 25 матчта 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. 24 жастағы жартылай қорғаушы келісімшартын бір жылға ұзартты.

Юденков та клубпен сол мерзімге келісімшартқа отырды.

Өткен екі маусымда Руслан «Мақтаарал» сапында өнер көрсетті. Алайда биылғы қыста клуб қаржылық қиындықтарға тап болып, элиталық дивизионда ойнаудан бас тартты. Және 36 жастағы қорғаушы «Қайсарда» сынақтан өтіп жатыр.