Бендиден Жоғарғы лига командалары арасындағы Ресей чемпионаты аясында «Никельщик» пен оралдық «Ақжайық» арасында қайталама кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудегі жеңісті «Никельщик» хоккейшілері тойлады. Матч 7:3 есебімен аяқталды. Қазақстандық команда сапында Нұрбол Бөкешов, Максим Похомов және Қуаныш Теміралин гол соқты.

Жоғарғы лига командалары арасындағы Ресей чемпионаты - 2023/24

Тұрақты маусым, 2-кіші топ, ерлер

«Никельщик» - «Ақжайық» 7:3