Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында бүгін қазақстандық спортшылар ел қоржынына үшінші алтын медальді салды.

Нақтырақ айтсақ, әйелдер арасында А тобында 100 м еркін әдіспен жүзуден жерлесіміз Софья Сподаренко чемпион атанса, ерлер арасында ұлттық құраманың көшбасшысы Әділбек Мусин күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жүзу. Әйелдер. А тобы. 100 м еркін әдіс

1-орын - Қазақстан - Софья Сподаренко - 56.542-орын - Тайпей - 57.653-орын - Таиланд - 57.67

Жүзу. Ерлер. А тобы. 100 м еркін әдіс

1-орын - Таиланд - 50.102-орын - Әділбек Мусин - 50.283-орын - Иордания - 51.07.