Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (6-1, 3 КО) Таиландта кезекті айқасын өткізеді. Ол бүгін жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Лукас жергілікті боксшы Кадесара Джадпакдимен (7-3-0) жұдырықтасады. Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Құрметті қазақстандықтар, бүгін Таиланд астанасы Бангкокта салмақ өлшеу рәсімінен өттім», - деп жазды боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Ангелина Лукас осыған дейін Бакудегі кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетіп, пәкістандық спортшыны бірінші раундта нокаутпен жеңген еді. Осылайша ол жеңіл салмақ дәрежесінде WIBA әлем титулын иеленген болатын.