Қазақстандық Бейбіт Жұқаев голландиялық Гижс Брувермен жұптасып, Лилльде (Франция) өтіп жатқан жұптық халықаралық турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде Жуқаев/Брювер жұбы С.Вандермеерш (Франция)/Р.Бертран (Франция) дуэтінен басым түсті - 6:4, 7:5.

Матч 1 сағат 26 минутқа созылды.

Турнирдің ширек финалында олар В.Манафов (Украина)/И.Лютаревич (Ресей) жұбымен ойнайды.