33 жастағы қақпашы Руслан Әбжанов футболдық мансабын қайта жалғастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әбжанов еңбек жолын 2007 жылы Ақсу командасында бастады. 2007-2022 жылдар аралығында он бес жыл бойы көкшетаулық «Оқжетпестің» намысын қорғады.

Осы көрсеткіш бойынша ол қазіргі Қазақстан чемпионатының футболшылары арасында рекордсмен саналды.

Футболшы қазір «Оқжетпес» сапына қосылды.