Бүгін оралдық «Ақжайық» хоккейден Ресей Жоғарғы лигасының матчында «Никельщик» (Верхний Уфалей) клубынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:5 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, «Ақжайық» наурыз айында өтетін Ресей Жоғарғы лигасының финалдық турниріне мерзімінен бұрын шықты. Күні мен орны әлі анықталған жоқ.

Жоғарғы лига командалары арасындағы Ресей чемпионаты - 2023/24

Тұрақты маусым, 2-кіші топ, ерлер

«Никельщик» - «Ақжайық» 5:3