Грекиялық «Ламияның» испаниялық шабуылшысы Карлитос «Астанаға» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грекиялық «Ламия» мен «Астана» 33 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді. Басылымның мәліметінше, трансфер құны 300 мың еуро (145 миллион теңге).

Карлитос өткен жазда «Ламияға» еркін агент ретінде ауысқан. Бұған дейін ол поляк «Легиясында»ойнады. Испаниялық шабуылшы осы маусымда «Ламия» сапында 21 матч өткізіп, барлық жарыстарда 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.