Қазақстандық теннисші Александр Бублик франциялық теннисші Адриан Маннариномен бірге, Дубайда өтіп жатқан ATP 500 турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Робин Хасе (Нидерланды)/Юки Бхамбри (Үндістан) жұбымен кездесті.

Кездесуде 6-7 (6-8), 6-3, 10-8 есебімен қарсыластар жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы жекелей турнирде ойынын жалғастыруда. Бублик чехиялық Томаш Махакты 2:6, 6:3, 7:6 (7:5) есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.