Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылардың оқу-жаттығу жиыны Түркістан облысында өтіп жатыр. Оған 80-ге жуық былғары қолғап шебері қатысуда. Олардың ішінде Италияға аттанатын алты боксшыдан бөлек, ұлттық құраманың өзге де мүшелері мен әр облыстың құрамалары бар. Айта кетейік, Италиядағы іріктеу турнирі 4-12 наурыз аралығында өтеді.

Бұл жарыcқа 114 елден 668 спортшы қатыспақ. Турнирде 28 лицензия сарапқа салынады.

Жарысқа қатысатын бокстан Қазақстан ерлер құрамасы:

51 келі: Сәкен Бибосынов; 57 келі: Махмұд Сабырхан;63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы; 71 келі: Асланбек Шымбергенов; 80 келі: Нұрбек Оралбай; 92 келі: Айбек Оралбай.

Қазір Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының бір жолдамасы бар. Оны 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақта cынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев иеленген еді.