Қазақстан чемпионатының ширек финалдық плей-офф сериясының төртінші кездесуінде «Арлан» «Бейбарысты» үшінші овертаймда 4:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетаулық клубтың қорғаушысы Иван Степаненко кездесудің 112-минутында жеңіс голын соқты.

Осылайша бұл командалар арасындағы 111 минут 9 секундқа созылған матч Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің тарихындағы ең ұзақ үшінші кездесу болды.

Тарихтағы ең ұзақ топ-5 матч:

1. «Бейбарыс» - «Номад», 22 наурыз 2018 жыл - 129:16;2. «Номад» - «Сарыарқа», 3 сәуір 2021 жыл - 125:47;3. «Бейбарыс» - «Арлан», 26 ақпан 2024 жыл - 111:09;4. «Ертіс» - «Номад», 4 сәуір 2017 жыл - 108:58;5. «Бейбарыс» - «Номад» - 107:57